Тамақтануына

Әрбір ата-ана өз баласын балабақшаға берген кезде оның тамақтануына ерекше алаңдайды.

Біз сіздің алаңдауыңызды түсінеміз және мемлекеттік стандарттар мен жеке тәжірибемізді есепке ала отырып, біздің жас достарымызға арнап 5 мезгілдік тиімді және үйлестірілген ас мәзірін жасадық.

Жалпы түсінік үшін бір аптаға арналған ас мәзірі үлгісімен танысуды ұсынамыз. Алдағы уақытта сіз біздің Facebook парақшамызда орналастырылған нақты ас мәзірінен хабардар болып отырасыз.

Біз жартылай дайын өнімдерді пайдаланбаймыз. Барлық сатып алынған өнімдердің сапа сертификаттары бар. Күн сайын баланың ас үлесіне жаңадан әкелінген жеміс-жидектер енгізіледі. Нан өнімдерін өзіміз дайындаймыз. Дәмді компот, морс қайнатамыз.

Біз ұлттық ерекшеліктерді қадір тұтамыз және біздің ас мәзірімізде балалардың физиологиялық ерекшеліктеріне ыңғайластырылған қазақ, орыс және басқа ұлттар асханасының тағамдары бар. 

Қашан да балақайларымыз үшін пайдалы және экологиялық, табиғи дәрумендерге толы, құнарлы өнімдерді таңдаймыз. Сондай-ақ денсаулық сақтау іс-шаралары аясында әрбір 10 күн сайын балалар оттекті және дәруменді коктейль ішеді.

Тәжірибе ретінде өзіміздің шағын бақшамызда балалармен бірлесе қияр, қызанақ, аскөктер өсіреміз. Аумағымызда алма, алмұрт, шие, қарақат ағаштары, таңқурай түптері бар. Балалар олардың қалай өсетіндігін көреді, оларды күтіп-баптайды және сол өнімдерді өздері жеп отырғандарына қуанады.

Балабақшаға жазу кезіндегі міндетті іс-шара – ата-аналармен әңгімелесу және сәйкес сауалнаманы толтырту, бұл құжатта сіз балаңыздың аллергиясы және оған жақпайтын тағамдар бар-жоғын көрсетуіңіз тиіс. Бұл бізге сіздің балаңызға ыңғайлы ас мәзірін құруымызға және жағымсыз жайттарды болдырмауға көмектеседі.

Біздің балабақшаға келіңіз, біздің асханамызбен жіті танысыңыз және қажет деп тапқан жағдайда аспазбен сөйлесіңіз.

Сіздің балаңызға деген қамқорлығымызға көз жеткізіңіз!

 

Бақытты балалық әлемінде кездескенше!

Қазақ