«Планета счастья» – бұл менің ұзақ жыл бойғы еңбегім арқылы жиған бірегей тәжірибемнің айрықша көрінісі, бұл – нағыз кәсіби мамандардың ортасы. Бұл – балалар мен ата-аналары қуана келетін, балалардың қауіпсіздігі сақталатын, асыр салып ойнайтын, демалатын, жаңа білім игеретін, пайдалы үй асымен күш жинайтын орын, бақытты балалық әлемі. Біздің балабақша көптеген балақай мен олардың ата-аналары үшін өз үйіндей болып кетті.
Енді балабақша туралы мәліметтер айта кетейін:
Балабақшада 1,5 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға арналған 5 топ бар.
Топтағы балалардың ең көп саны – 1,5-3 жасқа арналған топта 12 бала, 3 жастан 7 жасқа дейінгі топтарда – 15 бала.
Балабақшадағы білім беру орыс тілінде жүргізіледі, сонымен қатар қазақ және ағылшын тілі бойынша сабақтар өткізіледі. Бұл жайында кейінірек толық баяндайтын боламыз.
Әр топта педагог және оның көмекшісі болады.
Ойын бөлмелері мен ұйықтайтын бөлменің әрқайсысы бөлек орналасқан. Әр топтың өз тазалық бөлмесі бар.
Кең музыкалық (би) зал, үлкен ойын бөлмесі, қазақ және ағылшын тілдерінің кабинеті, бөлек асхана және оқу сыныбымен жабдықталған.
Балабақша іргелі қоршаумен қоршалған және жасыл ауданның шеткі көшесінде орналасқан, бұл біздің аумақтағы ауаның ластану деңгейін айтарлықтай азайтады. Машиналарды қоюға арналған орын қарастырылған.
Балабақшаның барлық орынжайларында және көше аумағында 16 бейнекамера жұмыс істейді. Дабыл тетігі бар. Ата-аналар онлайн желісі арқылы қосылып, балаларының көңілді уақыт өткізіп жатқандығына көз жеткізе алады.
Біз сағат 8.00-ден бастап 19.00-ге дейін жұмыс істейміз. Демалыс күндері – сенбі, жексенбі және мемлекеттік мейрамдар.
Жалпы түсінік үшін сіздерге бір аптаға арналған біздің үлгі түріндегі күн тәртібімізбен танысуды ұсынамыз. Ағымдағы күн тәртібін біздің Facebook парақшамыздан таба аласыздар.
Балалардың денсаулығы мен тамақтануын балабақшада тұрақты қызмет ететін балалар дәрігері қадағалайды.
Күн сайын алдын алу-сауықтыру іс-шаралары жүргізіледі. Ұйқыдан оянғаннан кейін шынығу үшін балалар ортопедиялық денсаулық жолымен жүріп өтеді. Әрбір 10 күн сайын балалар оттекті және дәруменді коктейль ішеді. Ыстық жаз мезгілінде шөптің үстімен жалаңаяқ жүгіріп, шағын үрлемелі хауыздарға шомылады. Тұзды үңгірлерге саяхат ұйымдастырылып тұрады.
Біз сондай-ақ зообаққа немесе балалар қызығушылығын тудыратын басқа да қызықты орындарға саяхат өткіземіз.
Бізде 5 мезгілдік, тиімді үйлестірілген тамақтану жүйесі қолданылады. Біздің аспазымыз өте дәмді және әр түрлі тағам түрлерін әзірлейді. Біз жартылай дайын өнімдерді қолданбаймыз.
Аумақта шағын бақ және бақша бар. Балалар оны күтіп-баптау ісіне қуана ат салысады және өз еңбектерінің жемісімен мақтанады.
Балаларды көшеде серуендету үшін сырғанағы, үйшіктері, әткеншегі, құм алаңқайы және басқа да қызықтары бар үлкен жасыл алаңқай қолданылады. Ең кішкентайларға арнайы бөлек алаңқай жабдықталған.
Балаларды балабақшаға және үйлеріне жеткізу үшін балалар қауіпсіздігі белдігімен жабдықталған және сенімді жүргізушілермен қамтамасыз етілген екі шағын автобус бар.
Енді бастысы – жүргізілетін сабақ туралы айтайық.
Біз жас ерекшелігіне қарай күніне 3-4 сабақтан өткіземіз. Олар – математика, сауат ашу, тіл дамыту, көркем әдебиет, сурет салу, мүсіндеу, аппликация, қоршаған ортаны тану, қазақ және ағылшын тілдері, дене шынықтыру, би, денсаулық сабақтары, өзін-өзі тану, оқу және басқалары. Логопедпен және психологпен өткізілетін арнайы жеке сабақтар да бар.
Біз сондай-ақ балалар мен олардың ата-аналарын сән әлеміне, жануарлар, спорт, сиқыр және карнавалдар әлеміне қызықтыра отырып, тақырыптық іс-шаралар өткіземіз.
Біздің педагогтарымыздың балалармен жұмыс істеу бағытындағы тәжірибелері мол. Барлығы жоғары және орта арнаулы білім алған. Ал, ең бастысы, олар – өз істерін сүйеді, құлшыныспен істейді. Біздің балабақшамызда кездейсоқ адам жоқ. Ұжымның бірлесе атқарған жұмысы ғана БАҚЫТТЫ БАЛА тәрбиелеуде зор нәтижеге қол жеткізуге жол ашатындығын жақсы түсінеміз.
Төлем төлеу. Тегін немесе арзан нәрсені сапалы, мазмұнды, пайдалы және тиімдімен салыстыруға болмайды. Соған қарамастан, біз еліміздегі соңғы жылдардағы қиындықтарды ескере отырып, сіздің мүмкіндігіңіз бен ел экономикасы арасындағы тепе-теңдікті табуға тырысамыз. Бізде екі және одан да көп балалы отбасыларға ыңғайлы шегерімдер, жазғы демалыстарға байланысты шегерімдер және ұзақ жыл байланыс орнату көзделген басқа да мүмкіндіктер молынан қарастырылған. Біз міндетті түрде келісімге келеміз.
Балабақшамыз туралы шексіз әңгімелей аламын. Дегенмен, ең дұрысы – балаңызбен бірге келіп, барлығын өз көзіңізбен көруіңіз! Дәл осы жерде сіздің балаңызға қызықты және өзіңіз алаңсыз болатындығыңызды ұғыну.
Біздің балабақшаның ұраны: «Шуақты біздің әлемде - шат–шадыман балалар, бақытты ата-аналар!», ал менің ұстанымым: «Еңбегіме ел риза болсын! Басқа таңдау жоқ!»
Бақытты балалық әлемінде кездескенше!




